ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оныңсалдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.
Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік.
Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.
Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік.
Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. өту...
Сәлеметсіздер ме!
Мен сіздермен жеке блогымда кездескеніме қуаныштымын.
Бүгінде ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге белсенді түрде енуде, уақыт лебін елеп, біз Павлодар облысының атқарушы билігін жаһандық Интернет желісінде көрсету үшін барлық жағдай тудырып отырмыз.
Бұл блог өздеріңіздің қалауларыңызша аймағымыздың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, жергілікті атқарушы органдардың қызметі жөніндегі ақпаратпен танысуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, маған ұсыныс-тілектеріңізді жазып, ойларыңызбен бөлісуге, өз ұсыныстарыңызды енгізуге шақырамын. Мен сіздердің барлық ой-пікірлеріңіздi оқимын және қажетінше тиісті шаралар қолданатын боламын.
Блогтың сіздер үшін пайдалы және қызықты болатынына сенемін! өту...
Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Лебяжі ауданына жұмыс сапарын жасады. Баймолдин ауылында әкім мектеп жанынан бүлдіршіндерге арнап ашылған шағын орталықпен танысты. Мұнда балалар мектепке дейінгі дайындықтан өтеді, шығармашылық тұрғыдан дамиды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында, Қазақстан Республикасы Конституциясын тойлау күні Ертіс ауданының Сілеті ауылдық округіне қарасты Бұланбай ауылында бастауыш мектеп ашылды.
Павлодар облысында өнеркәсіптік өндірістің көлемі жылдың басынан бергі жеті айда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 30,3 пайызға артып отыр.
Павлодарлық балалар оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды
Павлодар облысындағы 415 мектепте бүгін 91 мыңнан астам қала және ауыл балалары партаға отырады. Олардың 8,9 мыңы - мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бірінші сыныптықтар.